Нормативтiк-құқтық актiлер

27.09.2023

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 33 «Булаев қаласына бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы (DOCX 85 Kb)

2024-2030 жылдарға арналған МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫНЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ (DOCX 136 Kb)

ЖОБА

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365 бабы 3 тармағының 1) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 9 тамыздағы № 318 «Қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарлама осы шешімнің №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихатының төрағасы
А. Рахметова

 

 

ШЕШIМ ЖОБАСЫ

Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2022 жылғы 3 наурыздағы № 33 «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша 2022 жылға арналған кондоминиум объектiсiн басқаруға және кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгi мөлшерiн бекiту туралы» шешiмiнiң күшi жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТI:

  1. Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2022 жылғы 3 наурыздағы № 33 «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша 2022 жылға арналған кондоминиум объектiсiн басқаруға және кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгi мөлшерiн бекiту туралы» шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша 2022 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 «Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20284 болып тіркелген) сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстардың 2022 жылға айына бір шаршы метр үшін 22 теңге сомасында ең төменгі мөлшері бекітілсін.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат
хатшысы Т. Әбілмәжінов

Сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының коммуналдық меншігіне түскен сот шешімімен танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидасын бекіту туралы (жоба)

Сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының шешімі №

« » _________ 2017 жыл                                                                                                                                                                  Булаев қаласы

ЖОБА

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының коммуналдық меншігіне түскен сот шешімімен танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидасын бекіту туралы

2007 жылғы 09 қаңтардағы № 212 Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 19-1 бабы 3 тармағына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ұсынылған Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының коммуналдық меншігіне түскен сот шешімімен танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидасы бекітілсін.
  2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев аудандық
мәслихаты сессиясының төрайымы

Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев аудандық
мәслихатының хатшысы

Мақаланы құрған күні 31.01.2018 16:27

Мақаланы жаңартқан күні 27.03.2024 12:13

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz