«Булаев қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің қаулы жобасына пресс-релиз

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-сі Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің «Булаев қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасын әзірлеуші орган болып табылады.

Осы Қағидалар «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және Булаев қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде осы қаулы бірыңғай сәулеттік стиль жасау үшін енгізіледі (жеке құрылыс салу ауданы үшін сыртқы көркі, сәулеттік стилі, түстік шешімі, қабаттылығы, әрлеу материалдары, қоршаулары, шатырдың үлгісі және шаруашылық жағынан орналасуы негізгі өлшемдер болып табылады), сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ағымдағы және күрделі жөндеуді дұрыс сақтау үшін кондоминиум объектісінің бір бөлігі (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холлдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үйдің астындағы жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланудағы басқа да мүлік).

Шешімнің жобасы «Электрондық Үкімет» порталындағы ашық НҚА бөлімінде https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=11196131 орналастырылған. 

Мағжан Жұмабаев ауданы ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы А.Қыраубаев

03.03.2023
Қаралым саны: 240
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz