«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі КММ-сі құрылымдық бөлімшесі «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының жалпы пайдаланудағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 20 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі шешімінің жобасын әзірлеуші орган болып табылады.
Жоба 2001 жылғы 17 шілдедегі № 245 «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы заңының 3 бабы 7 тармағына сәйкес әзірленді.
Автомобиль жолын «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкімінің аппараты» КММ-нің балансынан «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-сі балансына тапсыру. Аталған автомобиль жолын жалпы пайдаланудағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына ауыстыру.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының жалпы пайдаланудағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 20 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің шешіміне толықтырулар енгізіледі.
Бұл толықтырулар жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғамайды және бюджет қаражатының шығыстарын көздемейді.
Шешімнің жобасы «Электрондық Үкімет» порталындағы ашық НҚА бөлімінде https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14317983 орналастырылған.
Мағжан Жұмабаев ауданы ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы А.Қыраубаев
Қаралым саны: 410