Ашық бюджеттердің интерактивті картасы

Басты

Сiздердi Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi сайтында қошеметпен қарсы аламыз!

Құрметтi сайтқа келушiлер!

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органы болып саналады.

Бөлiмнiң негiзгi қызметiнiң мақсаты: тұрғындарға ұсынылатын коммуналдық қызметтердi сапалы, уақытылы қаматасыз ету, тұрғын үй коммуналдық саласында қызметтердiң сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыру, қызмет түрлерiнiң қолжетiмдiлiгiн жасау.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары аясында мемлекеттiк саясат жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жолдауын, ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасы мен мемлекеттiк, аумақтық даму бағдарламаларын ескере отыра жүргiзiледi.

Бiздiң ресми сайт бөлiмiнiң қызметi туралы, Сiздi обьективтi қолжетiмдi ақпаратпен қамтамасыз етедi.

Бөлім басшысы
Қыраубаев Асхат Жаңбырбайұлы

Қыраубаев Асхат Жаңбырбайұлы1989 жылы 14 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласында туған.

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген (2011 ж.).

Еңбек жолын 2011 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласында «Кожевников» ЖК бухгалтер болып бастаған. 2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында Жамбыл облысы Отар кентінде әскери борышын өтеген. 2013 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының статисті, 2013-2014 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының экономика мәселелері бойынша бас маманның м.а., 2014-2015 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының экономика мәселелері бойынша бас маманы, 2015-2018 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің көмекшісі.

2018 жылдың 28 қыркүйегінде Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

2020 жылдың 3 қарашасынан бастап қазіргі уақытқа дейін Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

Құрметті Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғындары!!!

Сіздердің назарларыңызды тұрғын үй қатынастары саласындағы заңнаманың қолданыстағы нормаларына сәйкес пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқару, оның ортақ мүлкін күтіп ұстау мен сақтауды қамтамасыз ету үшін кондоминиум объектісін басқарудың екі нысанынан біреуін таңдап алуларыңыз тиіс екеніне назар аударамыз, бұл:

1. Мүліктің иелерінің бірлестігі (одан әрі – МИБ);

2. Жай серіктестік (одан әрі – ЖС).

МИБ және ЖС құру туралы заң Қазақстанда 2020 жылдың 7 қаңтарында күшіне енді. Осыған байланысты көппәтерлі тұрғын үйлердің пәтер иелері МИБ немесе ЖС құру бойынша жұмысты жеделдету қажет.

Әр көппәтерлі тұрғын үй басқаруды ұйымдастыру мен ортақ мүлкін күтіп ұстау мақсатында басқару нысандарының біреуін таңдауы қажет: Мүліктің иелерінің бірлестігі (одан әрі – МИБ) немесе Жай серіктестік.

МИБ құру үшін тұрғындар жиналыс өткізеді және пәтерлер немесе тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері арасынан төрағаны сайлайды. Жиналыстан кейін келесідейі құжаттарды ұсынумен бірлестікті тіркеу үшін әділет органдарына жүгіну қажет: көрсетілген үлгідегі өтініш, жиналыс хаттамасы, бірлестіктің жарғысы (жарғы үлгідегі болуы мүмкін), сондай-ақ заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеу алымын бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе басқа құжаттар.

Жай серіктестік – бұл заңды тұлғаны құрусыз көппәтерлі тұрғын үй басқару нысаны. Тұрғындар ол үшін қолданыстағы Азаматтық заңнамаға сәйкес бірлесіп басқару шартын жасап, басқару мен ортақ мүлікті күтіп ұстау бойынша мәселелерді шешу үшін пәтерлер немесе тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері арасынан сенімді тұлғаны сайлайды.

08.10.2020 ж.
«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты» КММ төменгі болып табылмайтын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік бос лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды: «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы (1 бірлік) (ZIP 9 Kb)

Қарақоға селосында, Булаев қаласында, Полтавка селосында спорттық-ойын алаңын жайластыру (ZIP 688 Kb)

Полудин ауылдық округін абаттандыру (ZIP 1784 Kb)

Мағжан Жұмабаев ауданы Советское селосында тегеурінді су ғимараты алаңының құрылысымен су бұру мен тарату желісін реконструкциялау (ZIP 55395 Kb)

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге мұқтаждарды есепке алу тізімі

Абаттандыру ережелерiн сақтау бойынша жадынама

Құрметтi солтүстiкқазақстандықтар және өңiр қонақтары!

Әрқайсымыз ыңғайлы және жайлы жағдайда өмiр сүрiп, жұмыс iстегiмiз келедi.

Ендеше, оны бiрге жасайық!

Сiздердiң назарларыңызды облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 11 сәуiрдегi № 13/21 шешiмiмен бекiтiлген Солтүстiк Қазақстан облысы қалалары мен елдi мекендерi аумақтарын абаттандыру қағидаларына аударамыз.

Сондай-ақ Сiздерге көмек ретiнде абаттандыру қағидаларының жекелеген ережелерiн ұсынамыз.

I. Жеке және заңды тұлғалар:

  • көше атаулары мен үй нөмiрлерi көрсетiлген тақталарды техникалық дұрыс жағдайда және тазалықта ұстайды;
  • қоршауларды (шарбақтарды) және шағын сәулет нысандарын тиiстi жағдайда (қоршаудың (шарбақтың) сыртқы жағын бояу, әктеу) күтiп-ұстайды;
  • дербес өз қаражаты есебiнен немесе ұйымдармен шарттар жасасу жолымен бөлiнген аумақты санитариялық күтiп-ұстауды және абаттандыруды қамтамасыз етедi;
  • ғимараттардың қасбеттерiн және олардың жекелеген элементтерiн (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар) қалпына келтiру, жөндеу және бояу бойынша жұмыстарды уақтылы жүргiзудi қамтамасыз етедi. Дүкендер мен кеңселердiң көшелерге қасбеттермен шығатын витриналары жарықпен безендiрiледi.

II. Жол берiлмейдi:

  • жалпыға ортақ пайдаланылатын алаңдар мен демалыс аймақтарын, көшелерiн ластауға;
  • тұрғын орамдарда, ортақ пайдалану орындарында, су бөлетiн мұнаралардың жанында, су айдынында, көпшiлiк демалу орындарында, тұрғын үйлердiң подъездерi жанында көлiк құралдарын жөндеуге және жууға.

III. Осы Қағидаларды бұзғаны үшiн «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексiнiң 505-бабына сәйкес жауапкершiлiк қарастырылған:

Яғни бұзушылық ескерту немесе айыппұл салуға әкеп соғады:

  • жеке тұлғаларға — 48 100 теңге мөлшерiнде (20 АЕК), бiр жыл iшiнде қайтадан бұзған жағдайда — 72 150 теңге (30 АЕК);
  • шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға — 72 150 теңге мөлшерiнде (30 АЕК), бiр жыл iшiнде қайтадан бұзған жағдайда — 96 200 теңге (40 АЕК);
  • орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне — 96 200 теңге мөлшерiнде (40 АЕК), бiр жыл iшiнде қайтадан бұзған жағдайда — 120 250 теңге (50 АЕК);
  • iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне — 240 500 теңге мөлшерiнде (100 АЕК), бiр жыл iшiнде қайтадан бұзған жағдайда — 721 500 теңге (300 АЕК).

Құрметтi достар!

Қашан бiреу тәртiпке шақырып келедi және оны бiз үшiн басқа бiреу орнатады деп есептеудiң қажетi жоқ! Сондықтан бiзге, бiздiң балаларымыз бен немерелерiмiзге жайлы болатындай етiп жасау үшiн бәрiмiз «бiр жеңнен қол, бiр жағадан бас шығара» бiлейiк, қымбатты отандастар!

Тұрғындар назарына!

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы №532-IV «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 19 бабы 4 тармағына сәйкес Сiздерге тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын пайдаланатын коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын газ жүйесi ұйымымен немесе газ толтыру пунктiнiң иесiмен өздерiне тиесiлi газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасу мiндеттi екенiн хабарлаймыз.

Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерiне, газ жабдығына техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын ұйым олардың техникалық жарамды күйде болуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

Газ баллондарға техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасаспай, оларды пайдалануға тыйым салынады.

Мағжан Жұмабаев ауданының құрметтi тұрғындары!

Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi Сiздерге Қазақстан бойынша 1494 (cаll-center) бiрыңғай сенiм телефоны жұмыс iстейтiнiн хабарлайды.

Егер Сiзде мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiпкерлiк қызметке заңсыз қол сұққан, бюджеттiк қаражатты мақсатсыз пайдаланған, заңсыз сыйақы, пара алған, ұрлық пен заңнамалар нормаларын бұзған фактiлерiн, яғни өзiнiң қызмет орнын пайдаланып қиянат жасаған деректер туралы ақпарат болса, лезде сенiм телефонына хабарласуыңызға болады.

Сонымен қатар, мұнда мемлекеттiк қызметтi уақтылы әрi сапалы алу, мемлекеттiк қызметке өту, түсу сұрақтары бойынша сауатты түсiнiктеме алуға болады.

Бiз тек бiрiгiп қана сыбайлас жемқорлықтың аузын құрықтап, тұрғындарға мемлекеттiк қызметтi сапалы әрi уақытылы көрсетiлуiн арттыра аламыз.

Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің төтенше жағдай режиміндегі жұмысы туралы
19.03.2020

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің төтенше жағдай режиміндегі жұмысы туралы

Құрметті салық төлеушілер! «Төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру мақсатында мемлекеттік кірістер органдары халықты

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің төтенше жағдай режиміндегі жұмысы туралы
19.03.2020

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің төтенше жағдай режиміндегі жұмысы туралы

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті елдегі төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, қарым-қатынастарды барынша азайту мақсатында мемлекеттік қызме

Послание президента РКАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz